Hadia Sandyq
Подарки для мусульман
22/08/2022
«Асыл аналар» кітап.
Бұл жинақ Ислам дінін зерттеуші араб ғалымдарының еңбектері негізінде құрылған. Аталған еңбекте Ислам дінін алғашқы болып қабылдаушы аналардың өнегелі өмірі мен үлгі аларлық істері жайында мағлұмат беріледі.
«Асыл аналар» кітабы өзіне бірнеше міндет алып, оны ойдағыдай орындай алғанын атау керек:
1) Ислам дінінің әйел затына деген көзқарасын, ұстанымын таныту. Келтірілген өмірбаяндық мағлұматтардан мұсылман әйелдің мұсылман ер-азаматпен құқық тұрғысында тең екенін көреміз. Ислам діні бойынша, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстанған әйел адам өз отбасында да, қоғамда да сыйлы, қадірменді;
2) Бұл жинақ арқылы қазіргі қоғамдағы жасөспірімдерге үлгі боларлық істер жайында мәліметтер беру. Яғни балалардың өздеріне үлгі болар биік тұлғалы адамдарға еліктеп, дұрыс тәлім- тәрбие алу үрдісін жүргізуде жинақтың көптен-көп септігі тиері сөзсіз;
3) Аталған жинақ белгілі дәрежеде араб тіліндегі түпнұсқадан еркін аударма түрінде жасалған. Осы тұрғыда құрастырушы- аудармашының еңбегі зор. Кітаптың тілі жатық, қазақтың ұғым- түсінігіне жақындатылып берілген;
4) Жинақтағы мұсылман аналардың өміріне қатысты мәліметтердің тарихи негіздемесі сақталған. Яғни бұл кітаптағы мағлұматтарды тарихи, шежірелік тұрғыда да қолдануға болады.
Қорыта айтқанда, «Асыл аналар» жинағы қазіргі қоғам адамдарына өнегелі тәлім-тәрбие беру ісіне атсалысар еңбек деп білеміз.
30/03/2022
РАМАЗАН АЙЫНА 3КҮН ҚАЛДЫ 😍
Анаңызға, жарыңызға, қарындас - әпкелеріңізге мұсылманның ең асыл мерекесіне, көп ойланбай, бұл бокстарды тарту етіңіздер🎁
Орташа боксқа кіреді:
- Жайнамаз
- Тасбих
- Сүрелер жинағы
- Миск
Бағасы: 7900 теңге✅
📲 Тапсырыс беру үшін жекеге жазсаңыз болады.