Zhamals
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Zhamals, Almaty.
28/04/2026
ШЫНАЙЫ КЕЗЕҢ
Инстаграмда қазір шынайылық дәуірі басталғандай. Парақшамды дамытуды
осы саналы кезеңде таңдағаныма қуаныштымын.
Кейде арзан ойын-күлкі,… қай жерде шу, қай жерде тренд болса — сол жаққа ұмтылып, сол сәтті түсіруге асығатындарды көріп, іштей аяймын.
Көпшіліктің ішінде жүрген адам, соңында өзіңнің еш жерде жүрмегенін түсінеді.
Тіркеліп алыңыз — бұл парақша сізге жақын журнал сияқты болсын: ой, тыныштық және шынайы өмір сәттері 💛
Сезім байлығымен ғана адам терең бола алады.
Тағдырға разы болу маңызды
Ішкі әлеміңіз үйлесімде болсын🩷
09/11/2025
ӨЗГЕРІС
Байқасаңыздар қазір кез келген жақынымыз болсын, алысымыз болсын бала күніндегі фотосын әлеуметтік желіге жүктесе жанымыз жадырап сала беретін болыпты. Себебі бәріміздің сол кезеңге сағынышымыз сезіліп ,көзге оттай басылатын. Ал қазір бәрі бір бірінен асып түсу үшін, өзгеден өзгерек болу үшін жанын салып жатыр. Әдемі қиылған қасын қайта жұлып қайта жапсырып, көз бен кірпікке, ерінге тыныштық бермей, әйтеуір сырт келбетпен алысып жатқандар.
Бірақ, шын мәнінде Өзгеріс мүмкін сіз көрген бір фильммен, оқыған бір кітаптан түйген ойыңызбен келер еді. Ішкі есеюлерді мен ӨЗГЕРІС деп санаймын.
03/05/2023
Бүкіл әлем қол соғып, құттықтап, абыройыңды асқақтатып жатса да адам қашанда осының бәрін әуелі ең жақын қымбат жандарынан күтеді. Құттықтау, қолдау, бірге қуану. Дәл сол тәтті сәттерді бірге бөліскенін қалайды.
Ең алғашқы бастаған тікелей эфиріме байқадым туыстарым кірмеді, кірсе де шығып кетіп, эфирден шыққан соң да бір ауыз “қалай өтті?” деп сұрамады. Адам баласы ең қуанышты сәтін дәл сол бақыттан басы айналған, эйфория кезінде жақсы көретін адамдарымен бөліскісі келетінін түсіндім. Туған ағам жазды: “Сынба!, ниетің ақ қой, сенің қолыңнан келеді” деді. Бұл қолдау бүкіл өміріме жетерліктей болды. Жалпы қоғам ашкөздікке кетіп бара жатқандай ма қалай өзі.?! Тек тегін алсам деген ниетке ұмтылады. Ала беру заңынан арылмасаңыз тек алушылардан боласыз ғой. “Аллам берушілерден етсінші” деп ары қарай ісіме бел будым. Алланың бергені қымбат, адамдыкы түк емес жандарым. Аналар бақытты болсыншы. Менің әлі бұл жоспарым түк емес, бір-бірден бас-басыңызға көлік, 3 бөлмелі пәтерді оп-оңай сыйлай салатын деңгейге дайындап жатырмын ғой өзімді😂
Click here to claim your Sponsored Listing.