Atyrau Rauan Fund

Atyrau Rauan Fund

Share

ҚОҒАМДЫҚ ҚОР

13/10/2024

Абай сынды түбі табылмас тұңғиық теңіз, алып жұмбақтың образын қайта тірілтіп, сахнада жан беру қай актерға болмасын үлкен мәртебе, мақтаныш, арман екені шындық. Алайда Ұлы Абай рөлін табысты да, ірі ойнаған, күллі жұрт Абай деп таныған, ұлы ақынды тірілте білген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері .abdilmanov сынды бірегей актерды тілге тиек етпеу қате шығар.

Қайталанбас Ұлы Абай рөлін шеберлікпен сомдап, тереңіне үңілуіне .abdilmanov Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне сеніміз зор!

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыныңактері. “Құрмет” Орденінің иегері.

«Абайдың рөлін ашуда актерлік және өмірлік тәжірибемді жұмсар едім. Өйткені Абайға әр жаста әртүрлі көзбен қарайсың. Неғұрлым актер тәжірибені көбірек жи­наған сайын Абайды сезінуі, түсінуі, тереңі­не бойлауы соғұрлым ерекше болады. Актердің әр рөлі зор жауапкершілік жүктейді. Сахнада әдемі рөл ойнап, өмірде қалай болса солай сөйлеп, мінез-құлық көр­сетуге болмайды. Қазақтың «таспен атқанды аспен ат» деген сөзінің мағынасын ұқтым. Абай өзіңнің қандай адам екеніңді білгің келсе, саған қиянат жасаған адамнан кешірім сұра, сонда сен дұрыс жолдасың дейді. Кі­ші­рею мен кешіру сенің ішкі жан дүниеңнің қан­шалықты кең екенін көрсететініне кө­зім жетті» ,- дейдi Болат Абділманов.

30/09/2024

«Абай Кеші» қайырымдылық кеші
жақындап келе жатыр, демек бұл есте қаларлық
кештін жүргізушілерімен танысатын кез келді. Ал танысуымызды, жаркын актерлік мансабы мен
қайырымдылық қызметін шеберлікпен қатар жүргізетін- Ерғұлан Қайратұлынан бастаймыз!
Ерғұлан- «Абай Кеші» қайырымдылық кешін жүргізіп келе жаткан театр жене кино актері.
Қарашаның 10-ы, Атырау каласы, Sultan Palace Hotel қонақ үйі. Басталуы сағат 18.00-де.
Толығырақ +7 778 048 5510

Photos from Atyrau Rauan Fund's post 04/09/2024

«SANALY URPAQ» жобасымен 4 жылда 108 окушы білім алып 90% грант иегері атанды⭐️

Photos from Atyrau Rauan Fund's post 22/03/2024

Ауылдарға…
Ақтың молаятын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Мереке қарсаңында “Атырау-Рауан” ҚҚ қала-ауылдар да 500 отбасыға азық-түлік себеттерін таратуды жоспарлаған болатын. 17 наурыз қала бойынша 300 отбасыға азық-түлік таратты. Енді 30 наурыз аудан-ауылдарда 200 отбасыға себеттер жеткізу жоспарда бар. Еске сала кетейік осыған дейін облыс бойынша 5500 отбасыға азық-түлік тарататты. Ауылға азық-түлік жеткізуге Сізде өз үлесіңізді қоса аласыз! ✔️Каспий-платежи-ОФ Атырау Рауан✅

01/11/2023

Біз жалғастырамыз…🎙️🎙️

Құрметті достар, Сіздерді өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін Қайырымдылық кешімізге шақырамыз!
Кешке танымал айтыскер ақындар мен белгілі блогерлер де қатысады.

Бағдарламада:

✅Кешкі ас
✅Концерттік бағдарлама
✅Аукцион
✅Лоторея

✔️Киім үлгісі (дресс код): Black tie
✔️Қатысу құны: 40 000 тг

✅Жиналған қаражат толығымен “Саналы ұрпақ” жобасына жұмсалады.

🔥🔥 18 қараша «АБК Холл» мейрамханасы, керемет кештен қапы қалмаңыз!

Want your business to be the top-listed Advertising & Marketing Company in Atyrau?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Website

Address

Атырау
Atyrau
060000