SAMGA

SAMGA

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from SAMGA, School, Восток дом90, Shymkent.

15/07/2026

Егер балаңыз сөздің басын-соңын айтпаса осы әдісті қолданып көріңіз!

13/07/2026
12/07/2026

📢 Әр ай сайын ЛОГОПЕД | ДЕФЕКТОЛОГ | СОЛЯНАЯ ПЕЩЕРА |ШЫМКЕНТ орталығында мамандарға және ата-аналарға (онлайн) арналған семинар өткізіледі! ✅🔥

🗓 11.07.2026
Семинар тақырыбы:
«Сөйлеу тілінің дамуындағы кідіріс (ЗРР): диагностикасы және түзету жұмыстары»

Семинар барысында:
✔️ ЗРР ұғымы және негізгі себептері;
✔️ Белгілері мен қалыпты сөйлеу даму кезеңдері;
✔️ Диагностика жүргізу ерекшеліктері;
✔️ Түзету жұмыстарының тиімді әдістері;
✔️ Үй жағдайында дамыту жолдары;
✔️ Ата-аналарға берілетін ұсыныстар қарастырылды.

Семинар соңында қатысушылармен тәжірибе алмасып, сұрақтарға жауап берілді.

Білімімізді жетілдіріп, тәжірибемізді бөлісуді бірге жалғастырамыз! 💙

10/07/2026

11.07.2026 ⏰10:00
ЛОГОПЕД | ДЕФЕКТОЛОГ | СОЛЯНАЯ ПЕЩЕРА |ШЫМКЕНТ тікелей эфирде✅
Барлық сұрақтарға жауап беретін боламыз

07/07/2026

POV:Балалармен жұмыс істейсің, бірақ темекі шекпейсің🤣
Когда работаешь с детьми но не куришь 💨🤣

07/07/2026

😂😂😂
Бұл видео тек көңіл көтеру мақсатында түсірілген. Ешкімге зиян келген жоқ.🙌🏻😊

01/07/2026

Баласының әр қадамын білгісі келетін әр ата-ананы түсінеміз. ❤️

Бірақ сабақ кезінде баланың назары толықтай маманға бағытталғаны өте маңызды. Егер ата-ана есіктен сығалап қарап тұрса немесе сабаққа араласса, бала бірден алаңдап, назарын ата-анасына аударады. Соның салдарынан тапсырманы орындауы, қарым-қатынасқа түсуі және жаңа дағдыларды меңгеруі қиындайды.

Сондықтан сабақ барысында ата-аналардың кабинетке кірмеуін және баланың назарын бөлмеуін сұраймыз. Уайымдамаңыздар, сабақ аяқталған соң маман баланың жетістігі мен бүгінгі жұмысы туралы толық ақпарат береді.

Балаңызға сенім берейік, ал нәтижеге бірге жетейік. 💙

29/06/2026

😂😂😂

26/06/2026

❌ Сөйлемейтін балалармен жиі жіберілетін қателіктер

Кейде ата-аналар баласына көмектесемін деп, байқамай сөйлеуінің дамуын баяулатып алады.

Ең жиі кездесетін қателіктер:
• Баланың орнына сөйлеп қою.
• Ыммен көрсеткенін бірден түсініп, сұрамай орындау.
• «Өзі сөйлеп кетеді» деп уақытты өткізіп алу.
• Баланы басқа балалармен салыстыру.
• Экран уақытын шектемеу.
• Баламен сөйлесуді азайту.

🗣️ Бала сөйлеуді күнделікті қарым-қатынас арқылы үйренеді. Сондықтан онымен көбірек сөйлесіп, жауап беруіне мүмкіндік беріңіз.

Егер балаңыз түсінсе де сөйлемесе немесе сөйлеуі қатарластарынан кеш болса, маманның кеңесіне ертерек жүгінген дұрыс.

💬 Сұрақтарыңыз болса, пікірге жазыңыз немесе бізге хабарласыңыз. Ерте басталған түзету жұмысы – жақсы нәтиженің кілті.

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Address

Восток дом90
Shymkent
160000