Profsouz_zhambyl
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Profsouz_zhambyl, Labor Union, Сатпаева 9а, Taraz.
18/08/2026
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОҚУ ЖҮКТЕМЕЛЕРІН БӨЛУ ТУРАЛЫ
Құрметті педагогтер, білім саласының қызметкерлері! Кезекті 2026-2027 оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бүгінде әр білім мекемесінде педагогтың оқу жүктемелерінің нақты мөлшерлері анықталып, бекітілуде. Осы ретте, қолданыстағы заңнамалар, нормативтік-құқықтық және әлеуметтік әріптестік актілерінің сақталуының қамтамасыз етілуін назарға салуды жөн деп есептейміз.
Педагогтардың оқу жүктемесін бөлу - білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастырудағы маңызды процесс. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік аясында қабылданған құқықтық құжаттардың нормаларымен реттеледі.
Оқу жүктемесін бөлу кезінде білім беру ұйымдары педагогтардың біліктілігін, тәжірибесін және мамандануын ескеруі тиіс. Сонымен қатар, жүктемені бөлу процесінде педагогтардың пікірін ескеру қажет. Әрбір педагог өз жүктемесі туралы ақпаратты толық түсінуі және өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл әділ және ашық жүйені қамтамасыз етеді.
Педагогтардың оқу жүктемесін тиімді бөлу білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді, педагогтардың жұмыс жағдайларын жақсартады және оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Осы ретте, 2026-2027 жаңа оқу жылының қарсаңында педагогтерге оқу жүктемесін бөлу бойынша ұсыныстармен бөлісіп отырмыз.
21/07/2026
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ДИАЛОГ ВО ИМЯ ИНТЕРЕСОВ РАБОТНИКОВ
Жамбылский локальный профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования продолжает укреплять сотрудничество с коллегами из регионов страны. Очередным подтверждением этого стал рабочий визит представителей Павлодарской области, целью которого стало знакомство с практикой работы Жамбылского профсоюза в сфере защиты социально-трудовых прав работников образования.
Гостями Локального профессионального союза стали председатель филиала «Павлодарская городская организация профессионального союза работников просвещения» Тимур Нуркешов и председатель филиала «Профсоюзная организация работников просвещения района Тереңкөл» Асхат Жантимиров.
Для делегации была подготовлена насыщенная программа, включавшая знакомство с основными направлениями деятельности Локального профсоюза, системой социального партнерства, практикой заключения и реализации коллективных договоров, дополнительными социальными гарантиями работников отрасли, а также механизмами защиты трудовых прав членов профсоюза.
Одной из главных тем встреч стали вопросы эффективного взаимодействия профсоюза с социальными партнерами, совершенствования коллективно-договорной работы и правовой защиты работников образования. Представители Павлодарской области также посетили ряд организаций образования, где познакомились с деятельностью первичных профсоюзных организаций, пообщались с профсоюзным активом и обсудили наиболее эффективные формы работы по защите интересов членов профсоюза.
Рабочие встречи проходили с участием председателя Локального профессионального союза работников просвещения, науки и высшего образования Жамбылской области Ерулана Магзымбекова и руководителя правовой службы – главного инспектора Алии Джолшибековой. В ходе конструктивного диалога стороны обсудили актуальные вопросы применения трудового законодательства, совершенствования коллективных договоров, повышения эффективности правовой работы и дальнейшего развития социального партнерства.
Председатель филиала «Павлодарская городская организация профессионального союза работников просвещения» Тимур Нуркешов отметил, что рабочая поездка в Жамбылскую область стала для делегации не просто знакомством с деятельностью коллег, а настоящей площадкой для профессионального роста.
«Мы искренне благодарны председателю Локального профессионального союза Жамбылской области Ерулану Магзымбекову и всему коллективу за теплый прием, открытость и готовность делиться своим опытом. Особенно ценно было увидеть, как на практике выстроена система социального партнерства, организована правовая работа и реализуются дополнительные социальные гарантии для работников образования. Уверен, что многие из представленных инициатив найдут применение и в работе наших профсоюзных организаций. Такие встречи укрепляют профессиональные связи и помогают вместе делать профсоюзное движение еще сильнее», — подчеркнул Тимур Нуркешов.
Подобные рабочие встречи уже стали доброй традицией для Локального профессионального союза работников просвещения, науки и высшего образования Жамбылской области. Интерес к опыту жамбылских коллег с каждым годом растет. В разные годы с деятельностью профсоюза знакомились представители Восточно-Казахстанской, Южно-Казахстанской, Кызылординской и Туркестанской областей, а также города Астаны. Сегодня этот список пополнили коллеги из Павлодарской области. Это свидетельствует о том, что лучшие практики Жамбылского региона востребованы далеко за его пределами. Открытый профессиональный диалог, взаимное доверие и готовность делиться эффективными решениями способствуют развитию социального партнерства, укреплению межрегионального сотрудничества и повышению эффективности защиты социально-трудовых прав работников образования.
21/07/2026
ШӘКІРТКЕ ШАМШЫРАҚ БОЛҒАН ҰСТАЗ
Мектепте кейбір ұстаздардың есімі айтылғанда, ең алдымен олардың берген сабағы емес, адамдық болмысы еске түседі. Өйткені олар оқушыға тек пән үйретіп қана қоймай, сенім сыйлап, ғылымға қызықтырып, өмірге бағыт береді. Жамбыл облысы, Меркі ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімі Жаңабек Үсенбекұлы Ендібаев сондай ұстаздардың бірі.
Жаңабек Үсенбекұлы ұстаздық жолын ауыл мектебінде жас маман болып бастаған. Сол күннен бастап-ақ ол физиканы формула мен заңдардың жиынтығы емес, табиғаттың тылсым сырын түсіндіретін ғылым ретінде оқытуды мақсат етті. Сондықтан оның сабағында оқушылар дайын жауапты жаттамай, ойланып, ізденуге үйренді. Әр баланың бойындағы қабілетті дер кезінде байқап, оны қолдау ұстаздың басты қасиеттерінің бірі. Жаңабек ағайдың талай шәкірті дәл осындай қамқорлықтың арқасында физика пәніне қызығып, білім бәйгелерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Кейбірі кейін техникалық мамандықтарды таңдап, өз өмірін ғылыммен байланыстырды.
Ұжымда оны тек білікті пән мұғалімі ғана емес, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары әріптес ретінде де бағалайды. Әр жылдары мектеп басшылығы құрамында қызмет атқарып, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарға белсене араласты. Тереңдетілген оқытуды дамытуға күш салып, мектептің тәжірибесіне жаңа тәсілдердің енгізілуіне үлес қосты. Кейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болып еңбек еткен жылдары Жаңабек Үсенбекұлы көптеген физика, математика және информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсетті. Әріптестері оның тәжірибесімен бөлісуден ешқашан жалықпайтынын, әр мәселеге байыппен қарап, нақты шешім ұсынатынын жиі айтады.
Ұстаз еңбегі марапатпен ғана өлшенбейді. Дегенмен оның білім беру саласындағы табыстары мен кәсіби жетістіктері түрлі деңгейдегі марапаттармен лайықты бағаланды. Бірақ Жаңабек Үсенбекұлы үшін ең үлкен қуаныш шәкірттерінің жетістігі болды. Бүгінде оның оқушылары түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып, ұстаз сенімін ақтап келеді.
Жаңабек Үсенбекұлының бойынан әріптестері ең алдымен қарапайымдылықты, сабырлылықты және еңбекқорлықты көреді. Ол үшін ұстаз болу қызмет емес, үлкен жауапкершілік. Сондықтан қанша жыл өтсе де, әр сабағына тыңғылықты дайындалып, білімін үнемі жетілдіріп келеді. Осындай ұстаздар барда мектептің де мерейі үстем болады. Өйткені олар шәкірттің білімге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, өмірлік мақсатын айқындауына ықпал етеді. Ал бұл ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the organization
Telephone
Address
Taraz
080003
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 17:00 |
Alerts
Be the first to know and let us send you an email when Profsouz_zhambyl posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.