QALAMGER.KZ
Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының парақшасына қош келдіңіз!
05/04/2026
Өмірінің соңы деп ойламағанмен, әр күннің қымбатқа айналып бара жатқаны маған белгілі еді. Домбырасын тартып, халық әні «Зәурешті» ыңылдап айтып отырды да жылап қалды.
– Не болды, Көкө? – деймін.
– Кешірші, көзімнен жас шығып кетті. Жылап отырмын. Мұндай босбелбеу емес едім…
– Неге жыладың?
– Білмеймін, кейінгі кезде жылағым келеді…
– Маған ренжіп отырған жоқпысың?
– Жо-жоқ, өзім кейде осылай жылағым келеді.
– Жылама! Жаным! Жарығым! Әкімім… – деп, терезе жаққа қарадым. Оған қайсар, мықты болып көрінгеніммен терезе жақтауына қолымды қойып, дәрменсіздіктен өзім де жылап тұрдым. Мінезге бай, сабырға берік, тау қозғалса, қозғалмайтын, қабағынан талайлар қаймығатын қатулы Әкімім, өжет Әкімім, батыр Әкімім… Неге жылады екен?.. деп күйзелдім. Сол күйзеліс еріксіз жасқа айналып, теріс қарап мен де егіліп тұрғам.
Бұл күні де ұзақ сөйлестік.
– Бірдеңе айтайын дедің бе, неге сонша қарап отырсың? – деді маған.
– Жай… «Сені неге қарттық жеңіп барады? Неге осынша әлсіредің екен?» деп жиі ойға шомамын.
Ол әдеттегідей жымиып қойды да:
– Уақыт қой… Уақыт… – деді.
– Уақыт деймісің… Сенің жастығыңды жәукемдеп, күш-қуатыңды талқандап, жанарыңа мұң салған, сені менен алыстатып, жетелеп кетейін деп тұрған уақытты жек көрем, көкө… – дедім көңілім босап.
– Сен керемет адамсың! – деді Ол жұлып алғандай.
– Осы сөзіңнен бір жаңылмадың-ау, жарығым. Неммен керемет болдым екен, осы мен?.. Несімен керемет екем?! Қойшы…
– Сен болмасаң, мен өмір сүре алмас едім, баяғыда…а…а…а… өліп қалған болар едім. Кетті ғой, небір достарым! Сені көрудің өзі бақыт. Мен осы бақытты сезіндім. Рақмет, саған! – деді баладай қиылып.
– Менімен бірге тұрғалы қайталанып айта беретін, бір жаңылмайтын, бір өзгермейтін, бір жалтармайтын сөзің бұл. Мен оған қарадым, Ол да маған қарап отырған болатын. Екеуге бақыт сыйлаған уақыт дөңгеленіп барып тоқтап қалатынын кім білген…
Роза Мұқанова. ТОҚТАМАС ДҮНИЕНІҢ ДӨҢГЕЛЕГІ… Әдебиет, поэзия, проза, драматургия, пьеса, қаламгер, qalamger, қаламгер порталы, әдебиет порталы, мәдениет порталы, әнші, қазақша өлеңдер, өлең, тақпақтар, поэзия, әнші, а...
28/03/2026
Байқау Еуразия Жазушылар одағының құрылғанына 20 жыл және Др. Якуп Өмероғлуның туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылады.
Әңгімелерді жіберудің дедлайны: 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады;
Халықаралық жүлдегерлердің жариялануы:2026 жыл 1 қарашасында;
Халықаралық марапаттау рәсімі: 2026 жылдың 8 желтоқсанында;
Халықаралық сыйлықтың жүлдесі:
Бiрiншi орын – 45 000 түрік лирасы;
Екiншi орын – 25 000 түрік лирасы;
Үшінші орын – 20 000 түрік лирасы;
Ынталандыру сыйлығы – 10 000 түрік лирасы
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ АТЫНДАҒЫ VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘҢГІМЕ БАЙҚАУЫ жаңалықтар
27/03/2026
«Алашқа тұлға болған Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасының қорытындысы 2026 жылдың маусым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында жарияланады.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
Бас жүлде – 800 000 теңге;
І орын – 550 000 теңге;
ІІ орын – 450 000 теңге.
ІІІ орын – 300 000 теңге;
Арнайы жүлде – 150 000 теңге (үш адамға)
Алашқа тұлға болған Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасы Әдебиет, поэзия, проза, драматургия, пьеса, қаламгер, qalamger, қаламгер порталы, әдебиет порталы, мәдениет порталы, әнші, қазақша өлеңдер, өлең, тақпақтар, поэзия, әнші, а...
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Akmola