ORDA

ORDA

Share

Orda.kz – дәлелді жаңалықтар, эксклюзивті ақпарат, өткір репортаждар мен терең зерттеулер алаңы. Ақиқатқа бірге жетейік!

28/05/2026

Қостанай облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, Жітіқарадағы қатаң режимдегі «Қара бүркіт» (№39 мекеме) колониясында «Соңғы қоңырау» өтті. Мектеп бағдарламасын мекеменің шаруашылық жасағында жазасын өтеп жүрген азаматтар тәмамдаған.

Департамент таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, шара барысында сотталғандар гитарамен ән орындап, жиында жылы атмосфера қалыптасқан делінеді. Сондай-ақ түлектерге жаңа өмірге қадам басып, мақсаттарына жетуге арналған тілектер айтылған.

Айта кетейік, «Қара бүркіт» — Қазақстандағы өмір бойына сотталған аса қауіпті қылмыскерлер қамалатын абақты. Алайда мектеп бітіргендер бұл санатқа жатпайды. Олар — қылмысы жеңілдеу әрі мекеменің ас-ауыты мен тазалығына жауап беретін 60-қа жуық адамнан тұратын шаруашылық тобының мүшелері.

28/05/2026

Елордада ауыр жол апатынан жасөспірім көз жұмды. Полицияның мәліметінше, 26 мамырда Тәуелсіздік даңғылымен келе жатқан «Mercedes» маркалы бетон араластырғыш көлік Пушкин көшесіне бұрылар тұста велосипед мінген баланы байқамай, қағып кеткен. Жәбірленуші жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында жан тәсілім етті.

Желідегі мәліметтерге сүйенсек, марқұм елордадағы №27 мектептің 5-сыныбында оқыған.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлік айып тұрағына қойылды. Осыған орай, тәртіп сақшылары жүргізушілерді мектеп пен аула маңында жылдамдықты асырмай, барынша мұқият болуға шақырады. Сонымен қатар, алып көліктердің «соқыр аймағы» үлкен болатындықтан, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің де қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтағаны абзал.

Want your business to be the top-listed Media Company in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Almaty