Otbasibankk
консультант Отбасы банка Казахстан Konsultant
02/06/2022
Керемет жаңалық 🥳🔥
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер 20 маусымнан бастап қабылданатыны туралы қуана хабарлаймыз!
Естеріңізге сала кетсек бағдарламаға:
- көпбалалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала
тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттары бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы Банкінің салымшылары қатыса алады.
Жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ, өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданатын болады😍
Биыл да былтырғыдай, лимиттерді бөлу барысында басымдық - мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін болады.
Бағдарламаға шарттары:
- Несие мөлшерлемесі жылдық 2%;
- Бастапқы жарна - 10%.
08/05/2022
Достар, тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алатынын естеріңізге саламыз:
1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
2. мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
4. көп балалы отбасылар.
⠀ Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс.
Яғни: отбасы құрамында 3 адам, мысалы, ата-аналар және 1 бала (36 018 х 3 = 108 054) болса, отбасының табысы 108 054 теңгеден аспауы тиіс.
Отбасы құрамы 5 адам болған жағдайда, мысалы, ата-аналар және 3 бала (36 018 х 5 = 180 090) отбасының табысы 180 090 теңгеден аспауы тиіс.
Отбасы құрамы 7 адам болған жағдайда, мысалы, ата-аналар және 5 бала (36 018 х 7 = 252 126) отбасының табысы 252 126 теңгеден аспауы тиіс. ⠀
Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.
⠀
Тағы бір талап – субсидия алуға үміткер депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар келесі нөмірге хабарласып депозит ашсаңыз болады
8 705 223 80 23 -Асель
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Almaty