agktk_

agktk_

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from agktk_, Education, Жамбыла 102, Almaty.

28/04/2026

«Talap» ұйымының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде 📚

Колледж басшысы Магазов Е.Д. Атырау қаласында өтіп жатқан курста кәсіби біліктілігін арттыруда.
Аталған бағдарлама аясында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты оқу орындарының басшылары тәжірибе алмасып, басқарушылық дағдыларын жетілдіруге бағытталған практикалық жұмыстарға қатысуда 🤝

Курс барысында заманауи білім беру жүйесіндегі басқару тәсілдері, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және тиімді шешім қабылдау жолдары қарастырылуда 💡

Бағдарлама білім беру саласындағы көшбасшылардың кәсіби деңгейін көтеруге және заманауи талаптарға сай басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған 🚀

Photos from agktk_'s post 27/04/2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде тарихта бірінші рет Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған салтанатты іс- шара өтті 📚✨

Іс- шара аясында кітапхана мамандарының еңбегін бағалау, кітап оқуды насихаттау және мамандық мәртебесін арттыру мәселелеріне басымдық берілді 📖👏

Салтанатты рәсім барысында білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге оқу мәдениетін ілгерілетуге елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды 🏆

Министрліктің бұйрығына сәйкес 28 маман Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің Алғысына ие болды. Солардың бірі Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің кітапханашысы Туребергенова Жазира Турсынбековна 🌟

Колледж ұжымы Туребергенова Жазира Турсынбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! Марапатыңыз құтты болсын! 🎉👏

24/04/2026

Халықаралық ынтымақтастық аясында Гуаньань кәсіптік-техникалық колледжі (ҚХР) мен Алматы көлік және коммуникациялар колледжі арасында бейнеконференция өтті.

Кездесу барысында тараптар өздерінің білім беру мүмкіндіктерін таныстырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, сондай-ақ бірлескен жұмыс перспективаларын талқылады.

Негізгі назар келесі бағыттарға аударылды:
• ынтымақтастықтың жаңа форматтарын енгізу («Панда шеберханасы» жобасын қоса алғанда)
• білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу
• оқытушылар мен студенттер алмасу
• студенттердің академиялық ұтқырлығы және қос диплом бағдарламалары

Кездесу қорытындысы бойынша серіктестікті одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

В рамках международного сотрудничества состоялась видеоконференция между Гуаньаньским профессионально-техническим колледжем (КНР) и Алматинским колледжем транспорта и коммуникаций.

В ходе встречи стороны представили свои образовательные возможности, обсудили развитие профессионального образования, а также перспективы совместной работы.

Основное внимание уделено:
• внедрению новых форм сотрудничества (в том числе «Мастерская панды»)
• совместной разработке образовательных программ
• обмену преподавателями и студентами
• ⁠академической мобильности студентов и программы двойного диплома

По итогам встречи достигнута договоренность о дальнейшем развитии партнёрства и реализации совместных проектов.

21/04/2026

Бүгін ПШМ жоспары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы:
Шайкиева Ф.А.
“Оқытуда жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен артықшылықтары” тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында жасанды интеллекттің (ЖИ) білім беру саласында үлкен мүмкіндіктер ашып отырғанын. Оның артықшылықтары мен тиімділігін, оқытуда пайдалануға болатын бағыттарын жан жақты түсіндіріп бірнеше жасанды интелект түрлеріне тоқталып өтті. Оқытушылар да өз білген ақпараттарымен бөлісіп пікір алмасты.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address


Жамбыла 102
Almaty