sabaq.study

sabaq.study

Share

❗️ Sabaq Online-серіктесі 📚5-пән бойынша дайындық курсы 📲24/7 кураторлық қолдау ℹSoft skills○ҰБТ ○ 🔴Kaspi-бөліп төлеу 👇Тегін сабаққа жазылу

21/02/2022

⁉️ Дұрыс сұрақ - жарты жауап

✅ Сұрақ қою – ақпарат алудың оңай жолы. Сондықтан норм ақпарат алу үшін сұрақты да норм қою керек. Анау-мынау деген болмайды.

Кейде адамдар Google-дан қарауға болатын сұрақты өмірде қояды ғой, со кезде нервың ұстайды😂 “Сенде гугл жоқ па?” дей жаздаймын.

Соған қарағанда өзіне керек ақпаратын сұрақ қою арқылы таба алмайтындар ортамызда бар.

🧐 ЖАЛПЫ СҰРАҚТЫҢ 2 ТҮРІ БАР:

1. ЖАБЫҚ СҰРАҚ

Жабық сұрақ қойылған кезде сұраққа нақты, қысқа ғана жауап қайтарылады. Нәтижесінде әңгіме жалғаспай қалады. Как будто бір тема бітіп қалған сияқты болады🤨

Мысалы:
Сұрақ: Ауылдан қашан келдің?
Жауап: Кеше.
Сұрақ: Саған фильм ұнады ма?
Жауап: Иә.

💭 2. АШЫҚ СҰРАҚ

Ал ашық сұрақтар түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді талап етеді. Адамның пікірін, қызығушылығын қосымша қажет етіп, сыни ойлауын анықтайды🧠

Оның примерно деген 4 формуласы бар:

* Қалай...?
* Маған ... туралы айтып беріңізші
* Сіз ... туралы не ойлайсыз?
* Не себепті ...?

- Қалай ЕНТ-дан 140 алуға болады?
- Маған қорықпаудың жолдары туралы айтып беріңізші
- Сіз түлектердің өздеріне ұнамайтын мамандықта оқитынына байланысты не ойлайсыз?
- Не себепті дайындық кезінде менің ойым бөлініп кете береді? (деееп кете береді)

ЕНТ-да тест кезінде жабық сұрақтар, оларды ЖБ жаттап алу керек🤪 Ал мәтінмен жұмыс кезінде логика мен сыни ойлау да қажет. Сондықтан сұрақтың құрылымына назар аудар! Керек болад😏

#сұрақжауап #ент #ұбт #сұраққою #жастүлек

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Address


Суюнбая 43
Almaty