AGP
«Азиялық Газқұбыры» ЖШС / ТОО «Азиатский Газопровод» / Asia Gas Pipeline LLP
17/07/2026
Жеңіс – өз ісіңе деген сүйіспеншіліктен басталады
«Кәсібі бойынша үздік – 2026» байқауының жеңімпазы Ходжамуратов Бахытжанның еңбек жолы – табандылық пен үздіксіз ізденістің нәтижесі биік белестерге жетелейтінінің жарқын үлгісі.
Бақытжан еңбек жолын Қызылорда облысындағы Құмкөл кен орнында БӨАжА слесарі болып бастаған. Уақыт өте келе жауапкершілігі мен білімге деген құштарлығының арқасында БӨАжА инженері дәрежесіне көтеріліп, кейін зертхананы басқарды. Бұл тәжірибе оның білікті маман ретінде қалыптасуына жол ашты.
Бүгінде Бахытжан «Азиялық Газқұбыры» ЖШС-де төрт жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарына техникалық қызмет көрсету, оларды диагностикалау, баптау және жөндеу жұмыстарымен айналысып, жабдықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Ол өзінің кәсіби шеберлігін талай рет дәлелдеп келеді. Өткен жылы Шымкент қаласында өткен «Кәсібі бойынша үздік» байқауында екінші орын иеленсе, биыл БӨАжА аспапшылары арасында өткен «Кәсібі бойынша үздік – 2026» байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар ол мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бахытжан өз сөзінде: «Бұл жеңіс – үздіксіз білім алудың, еңбектің және ұжымымның қолдауының нәтижесі. Ол мені әрі қарай дамып, одан да жақсы нәтижелерге жетуге ынталандырады», – деп атап өтті.
Жұмыстан тыс уақытта ол футболмен айналысады, белсенді өмір салтын ұстанады және жұбайымен бірге үш баланы – екі қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отыр. Бахытжанның айтуынша, оған күш-қуат беріп, алға ұмтылуға шабыттандыратын басты тірегі – отбасы.
Сырт көзге байқалмайтын, бірақ ешқашан толастамайтын жұмыстардың біріне – Алматы бақылау орталығы мамандарының еңбегі кіреді. Жаңа бейнежазбамызда магистральдық газ құбырының мүлтіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған жандар мен өндірістік үдерістер жайлы сыр шертеміз.
Дәл осы орталықтан «Қазақстан – Қытай» магистральды газқұбырының жедел басқарылуы жүзеге асырылады. Мұнда компрессорлық станциялар, желілік бөлімдер, газ тасымалдау режимдері мен қондырғылардың жұмысы жіті қадағаланады. Мыңдаған технологиялық көрсеткіштер нақты уақыт режімінде бірыңғай жүйеге тоғысып, диспетчерлердің үздіксіз бақылауына алынған.
Технологиялық режимдегі кез келген өзгеріс қас-қағым сәтте талдау жасауды және жедел шешім қабылдауды талап етеді. Тәулік бойы кезекші мамандар жағдайды саралап, өндірістік нысандардың жұмысын үйлестіреді, осылайша табиғи газдың сенімді әрі қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Диспетчерлік қызмет өндірістік бөлімшелермен, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-мен, Бейжің үйлестіру орталығымен және «АзияТрансГаз» компаниясымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Әрбір қабылданған шешімнің негізінде мамандардың кәсібилігі, жауапкершілігі
Тараз қаласында «Азиялық Газқұбыры» ЖШС жұмысшы мамандықтарының жетекші өкілдерін біріктіретін жыл сайынғы «Кәсібі бойынша үздік» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау қатысушылардың жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсеткен алаңға айналды. Олар теориялық және практикалық тапсырмаларды, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша сынақтарды сәтті орындап шықты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте «Тараз» ГТБ командасы жеңіске жетті, екінші орынды «Алматы» ГТБ командасы, үшінші орынды «Шымкент» ГТБ командасы иеленді.
Әр номинация бойынша І-ші орын иегерлері:
• желілік құбыр жүргізушісі – Майров Олжас («Тараз» ГТБ);
• электргазбен дәнекерлеушісі – Болысбаев Майрамбек («Тараз» ГТБ);
• автокран машинисі – Райкулов Ергалым («Тараз» ГТБ);
• арнайы техника жүргізушісі – Турекелдиев Сабыр («Тараз» ГТБ);
• экскаватор машинисі – Абуев Нурлан («Шымкент» ГТБ);
• технологиялық қондырғыларды жөндеу бойынша слесарь – Айхожаев Нурсултан («Тараз» ГТБ);
• электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрмонтер – Буранбаев Альберт («Алматы» ГТБ);
• аспапшы – Ходжамуратов Бахытжан («Тараз» ГТБ);
• технологиялық компрессорлар машинисі – Масакбаев Адильхан («
29/06/2026
«Азиялық Газқұбыры» ЖШС спортшыларына арналған айдарымыздың бүгінгі кейіпкері — «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының Жазғы спартакиадасында әйелдер арасында садақ атудан алтын медаль иегері Төкен Мөлдір Санатбекқызы.
Мөлдірдің компаниядағы еңбек жолы сонау 2012 жылы, АГҚ-ның білім беру грантын иеленген сәттен басталған еді. Кәсібі аспапшылықтан бастау алып, жетекші инженерлік деңгейге дейін сенімді көтеріліп, үлкен тәжірибе жинақтады. Бүгінде ол магистральдық газ құбырларын пайдалану департаментінің көлік жөніндегі жетекші инженері.
2024 жылдан бастап қана садақ атуды серік еткен әріптесіміздің бұл спорттағы қадамы жылдам болды. Небәрі бір жылдан кейін бұл спорт түрі Спартакиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді, алайда ол жолы жүлделі орын бұйырмады. Биылғы маусымда қолдың сынуына байланысты ұзақ үзілістен кейін оның жарысқа қатысу-қатыспауы екіталай еді. Алайда, нағыз спорттық мінез танытқан ол жарақатына қарамастан, денсаулығын қалпына келтіріп, күні түні қызу жаттығуға кірісті.
Қажымас қайрат пен мақсатқа деген ұмтылыстың арқасында «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының Жазғы спартакиадасында садақ ату жарысында алтын медальға ие болды.
Мөлдірді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта спортта да, кәсіби салада да жаңа белестерді бағындыра беруді тілейміз!

25/06/2026
«Азиялық Газқұбыры» ЖШС-нің орталық кеңсесінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының Жазғы спартакиадасында үздік нәтиже көрсетіп, топ жарған қызметкерлерді мадақтау рәсімі өтті.
Спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, жаңа спорттық белестер мен жеңістер тілейміз! «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасында АГП атынан қатысатын әріптестерімізге сәттілік тілейміз. Командалық рух, өзіндік күш-жігер мен жеңіске деген жалынды ұмтылыс сіздерді жаңа шыңдарға жетелесін!
🏆
В центральном офисе ТОО «Азиатский Газопровод» состоялась церемония чествования работников, достойно представивших компанию на Летней спартакиаде группы компаний АО «НК «QazaqGaz».
Поздравляем наших спортсменов с заслуженными достижениями и желаем новых спортивных побед! Особые пожелания удачи участникам, которые представят АГП на следующем этапе - Спартакиаде АО «Самрук-Қазына». Пусть командный дух, уверенность в своих силах и стремление к победе приведут вас к новым высоким результатам!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Республика Казахстан, г. Алматы, проспект Абая 109в, МФК «Глобус»
Almaty
050008
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |