askar.aidabolov
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from askar.aidabolov, Entrepreneur, Almaty.
29/06/2022
Қайырлы кеш достар!
Бүгін біздің тақырыбымыз қоғамдық бақылауға арналған.
Өздеріңіз білетіндей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың әріптестерімен бірге біз жоспарлы түрде бірнеше облысқа бардық, атап айтқанда тұрақтандыру қорлары қалай жұмыс істейтінін қарадық.
Бұдан басқа, ПД ЖПҚ-мен бірлесіп жалған нөмірлерді анықтауға, мас күйінде көлік жүргізуге және қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануға күндізгі және түнгі шығулар болды.
Әрине, тәртіп әлдеқайда жақсы болды деп айтқым келеді, бірақ кейбір өңірлердің өкілдері, атап айтқанда әкімдіктердің қызметкерлері барлық ережелерді өздері бұзады, яғни жалған нөмірлермен жүреді, және де бұны жедел нөмірлер деп негіздейді.
Сұрақ: әкімдік қызметкерлеріне жедел нөмірлер не үшін қажет?!
Олар арнайы қызмет емес, құқық қорғау органдары емес!
Бұл олардың өкілеттіктерін асыра пайдалану үшін, яғни мемлекеттік көлікті жеке мақсатта пайдалану үшін жасайды деген ойға әкеледі!
Неліктен мен тақырыпты қоғамдық бақылау деп атадым?!
Өйткені, егер біздің халқымыз, қоғамшылдар және қарапайым адамдар көп ескерту жасап, осындай жағдайларды бұзушылықтармен анықтап, қажет жерге жүгінсе, онда мұның бәрі ескерілетін болады деп айтқым келеді!
Біздің азаматтар неғұрлым өздерінің қоғамдық бақылау бойынша белсенділігін жақсы көрсететін болса, соғұрлым билік өкілдері жақсы және тиімді жұмыс істейтін болады!
Біздің әріптестеріміз жақын арада тағы бірнеше өңірге барады, содан кейін біз өзіміздің ұсынымдар мен ұсыныстарымызды береміз.
Облыстың ПД және ЖПҚ басшыларына ынтымақтастық, ашықтық және атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіргіміз келеді.
#жемқорлыққажолжоқ #біріншіжемқорлыққақарсымедиаорталық #Памц #первыйантикоррупционныймедиацентр #антикоррупционныйфронт
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Culinary Team
Attire
Website
Address
Almaty