bzhunuspekova
Онлайн оқыту
28/11/2025
📚 Бүгінгі ерекше сабақтан әсер!
Бүгінгі Дүниежүзі тарихы сабағы мен үшін де, оқушылар үшін де өте қызықты өтті деп ойлаймын.
Біз М. Кемал Ататүрік пен Сун Ятсенге арнап арнайы Instagram парақша ашып, Жасанды интеллект көмегімен тарихи тұлғаларды «сөйлетіп», олардың атынан посттар мен стористер жасап көрдік.
Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, тарихи тұлғалардың көзқарасын тереңірек түсінуге көмектесті.
👤 М. Кемал Ататүрік туралы қысқаша ақпарат
Түркия Республикасының негізін қалаушы.
1881 жылы дүниеге келген.
Елді жаңғырту мақсатында білім, құқық, мәдениет салаларында үлкен реформалар жасады.
Түркияны зайырлы, заманауи мемлекетке айналдырды.
Лақап аты — Ататүрік («түріктердің атасы»).
👤 Сунь Ятсен туралы қысқаша ақпарат
Қытай революциясының көшбасшысы, Қытай Республикасының алғашқы президенті.
1866 жылы дүниеге келген.
«Үш халық принципі» идеясын ұсынды: ұлттық тәуелсіздік, азаматтық құқық, халықтың әл-ауқаты.
Қытайдың монархиялық жүйесін құлатып, республика орнатуда үлкен рөл атқарды.
#ДүниежүзіТарихы #ТарихСабағы #Ататүрік #СунЯтсен #ЖасандыИнтеллект #ИнновациялықСабақ #ТарихПарақшасы #ТүркияТарихы #ҚытайТарихы #МектепӨмірі
22/11/2025
Presentation AI List | Substack The #1 directory to find the best AI Presentation Makers
24/10/2020
Біздің ту🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Қалижан Бекхожин
Болса
Теңіз үстінде көк толқындар,
Болса
Көктің найзағай жарқылдары,
Толқыннан да
Телегей өктем тулар
Жарқырады мұхиттан шалқып әрі.
Қызыл нұрлы түсінде —
Күн асылы,
Ол туған
Көк дауылды құз бұлтынан
Күшті қол,
Жайнатуға бұл ғасырды,
Туғызған таңның нұрын
Қызыл тудан! Ішінде
Тұмандалған зеңгір көктің,
Үстінде
Жұмыр жердің дірілдеген,
Үстінде
От пен оқтың,
Зеңбіректің
Осы ту —
Күндей қалқып күлімдеген.
Ысырып
Ескі заман түн зілдерін,
Жайнатып жұмысшының
Бар қиялын,
Бұл туға
Таң нұрын құйды Ленин,
Көтерді оны
Сом қолы Партияның!
Бұл туда бар
Жалыны Октябрьдің,
Жарқылы бар
Жеңісті ұлы Отанның.
Жалауы — бұл
Жердегі көк-дабылдың.
Бұл — арайы
Әлемге атар таңның.
Желпіді ту
Қырмызы қанаттарын,
Шұғыласы
Шалқыды әрбір тұсқа,
Көрді әлем
Қызыл тудай таң атқанын
Европада, Кубада, Күншығыста.
Күн туы
Бейбіт, бақыт өмір беріп,
Әлемге еркіндіктің көркін жайды.
Халық — теңіз,
Таң нұрлы ту көтеріп,
Күн сәулесі дүниеге толқындайды!
#ментуымдымақтанетемін🇰🇿
#ментуымдымақтанетемін🇰🇿🇰🇿🇰🇿
09/10/2020
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде,
өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.
Д.И.Менделеев.
Бүгін менің шәкіртім, ақыным Республикалық «Мұқағали оқуларына» қатысып 🥇 орын алды. Менің әр шәкірттерім жұлдыз болуға лайықты 🌟🌟🌟🌟🌟🌟
Осындай 🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟 тәрбиелеп отырған ата-аналарыма алғыс айтамын!
Сәметбек Нұржол әрқашан биіктерден көрініп жүре бер, денің сау болсын! Құтты болсын!
Өзіме де құрмет грамотасы бар екен, лентаны жылжытып ұстаздардың ата-аналарымын құттықтауын оқыңыздар, өздеріңіз де пікір жаза кетіңіздер ✍🏻✍🏻✍🏻✍🏻✍🏻✍🏻 лүпілдетіп жіберіңіздер 💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓 Рақмет 👏
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the school
Telephone
Address
Боралдай кенті, Алатау ауданы, Алматы
Almaty
040707
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 19:00 |
| Tuesday | 09:00 - 19:00 |
| Wednesday | 09:00 - 19:00 |
| Thursday | 09:00 - 19:00 |
| Friday | 09:00 - 19:00 |