Zere insta
Зере Нұрпейісқызы
24/12/2022
Уақыттың қолайлысы болмайды💔
⠀
Суреттердің арасы 1 жыл. Ойлашы?
⠀
Кейін осылай 5 жыл, 10 жыл өтіп кете салса ше?
⠀
Мен жүрм әлі…дүйсенбіден, Жаңа-Жылдан, осы демалыстан деп🥺
⠀
Маған енді бәрібір. Менде бүгінгі күн ғана бар⏳ Уақыттың құнын білмесем, уақыт мені құлына айналдыратын түрі бар…
⠀
Өзіме қатты ұрысып, өзімді оятып, жазып отырм❤️
⠀
Ал сен ше? Не бітірдің? Ертең елдің бәрі жылға қорытынды жасайды. Сен ше?
⠀
Оларды қоя берші. Есіңді жина. Уақыт өтіп жатыр, прикинь. Осындай сезімді сезінгендер коментке⬇️
⠀
Бірге өзімізді қолға аламыз❤️💪🏻
15/12/2022
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған…
⠀
Сүйіп қосылады. Сосын жылдар өте сезім суыды дейді💔 Не арада сенім жоқ, не сезім жоқ. Сүйіп қарайтын көздер жан-жаққа жалтақ, еркелететін сөздер сенен аулақ. Сосын “Ол кінәлі, мен періште, араға анау түсті, енем жаман, мен жақсыға” салады. Әркімнің өз шындығы бар…
⠀
Менің өмірімде бәрі керісінше болды🥹 Мадиярды кездестіргелі мен өзіме ғашық болдым. Өзімнің нәзіктігімді, болмысымды қабылдадым. Оның мені соншалық сүйетінін сөзінен де, ісінен де сездім. Жанның махаббаты мені гүл сияқты аша алды❤️
⠀
Бұл сәттілік емес. Қарым-қатынас та үлкен еңбек, қыздар🥰
⠀
Саған сұрақ қояйыншы. Өзің ойлаш, өзіне қарамайтын, ылғи шаршап жүретін әйелді сен сүйер ме едің? Мен сүймес ем. Сондықтан еркектен бұрын өз-өзімізге сұрақ қояйық. Баланы да, өзіңді де, тірлікті де баланста ұста. Ешкім саған тек бала деп өмір сүр, не тек тірліктен бас алма деп жатқан жоқ. Таңдауың үшін өзің жауаптысың. Өзіңді де таңдап үйренші🥹❤️
⠀
Қазір айтар сөздерім, саған точно керек болады, құрбым😇
• Сенім керек. Сүйдің бе, таңдадың ба, сеніп үйрен! Тексеріп, аңдып өз құныңды түсірме. Жай ғана нәзіктігіңмен шексіз сенетініңді білдір, шынайы сүй. Сене алмасаң сенем деп оны да, өзіңді де алдама!
• Сен өзіңді жақсы көрмесең өзгеден оны сұрама… Өзіңмен айналыс, өз-өзіңе қызықты бол, арманыңа ұмтыл!
• Өздеріңе ғана арналған романтикалық кештер болсын. Тек сен және ол. Міндетті түрде кафе емес, әркез әртүрлі.
• Қылығыңды жоғалтпа. “Әй, Қайрат!”-деп емес, қыз кезіңде қалай сүйдің, сол сезіммен жанында еркелеп жүр.
• Келіншек болсаң “төсегіңді суытпа”. Бұл өтеееее маңызды. Түнде де бір-бірлеріңе қызық болуларың керек. Иа, елге инабатты-ибалы бол. Бірақ оның алдында емес. Ол ғана сенің қандай рөлдерде бола алатыныңды білсін🔥
• Суық болма. Эмоцияңды білдір. Бала сияқты қуан, ренжіп тұрсаң ашық айт, жылағың келсе жыла. Оның жанында шынайы бол.
⠀
Біз жан екеуміз қарым-қатынасымыздың жаңа деңгейіне көтеріліп келе жатқан сияқтымыз. Бұрынғыдан да қатты сүйем сізді❤️ Басым кетіп жүр жігітіме, қыздар))
⠀
Ал сенің ойыңша, кім кінәлі?
⠀
Неге олай болады? ⬇️
⠀
Ұмытпа.
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған…
Ал махаббат - таусылмайтын әңгіме📝
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Address
Almaty
123456