Runa
Runa
08/11/2018
АҚЫНДЫҚ ПРОЗА
Жалпы, мен болашақта өзіме ұнаған, әлем әдебиеті әңгімелерінен құралған “Назқоңыр” атты проза кітабын шығарғым келеді.
Мүмкін, бұл әңгімелер жинағына қазақ прозасынан “Көксерек”, “Шұғаның белгісі”, “Зәуреш”, “Ақтоқым”, “Күзгі бұралаң жол”, “Боранды түнде” және “Қос шалқар” еніп қалар, деп ойлаймын.
Меніңше, проза бес түрге бөлініп, бес дәрежеден тұрады:
1) Әлеуметтік-антропологиялық проза (4-орында, мысалы, “Қоңыр күз еді”, “Ай-Петри ақиқаты”, “Казино”);
2) Коммерциялық проза (5-орында, мысалы, “Заһир”);
3) Фантастикалық проза (3-орында, мысалы, “Оң қол”);
4) Метафизикалық-философиялық проза (2-орында, мысалы, “Шыңырау”, “Қайдасың, қасқа құлыным”, “Көксерек”);
5) Ақындық проза (“Поэтическая проза”, 1-орында, мысалы, “Қос шалқар”, “Ақтоқым”, “Аңыздың ақыры”).
Прозаның патшасы – шоқтығы биік ақындық проза, екінші тараптан, ақындық проза дегеніміз – ақ өлең немесе кәдуілгі әсем поэзия, жыр, қисса.
16 тамыз, 2010 жыл
28/09/2018
МЕНІҢ “БИСКВИТ” РОМАНЫМ
Қазір мені тағы бір аласапыран роман алаңдатып жүр. Атауын “Бисквит” деп қойдым. Бисквит – торт, балкүлше, қант тоқаш жасағанда қолданылатын кондитерлік нан. Тәтті нан. Роман – сол бисквит тәрізді – бойға қуат беретін не ас емес, не тілді үйіртіп, дәмін алатын тойымды күлше-тоқаш та емес. Осындай бір – “ұлпа роман” – “воздушный роман”. Оқыған соң, не туралы оқығаныңды ұмытып та қаласың… Бүгінгі әдебиет-өнердің ұсақтап бара жатқан солғын бейнесі, ақырына келе жатқан, талай ғасырлар сомдалған Кітаптың, асыл кітаптың қамырықты пішіні, образы секілді. Аяусыз тағдырының, өшкен өмірінің көрініс-белгісі сияқты.
Астрономияда, үлкен масштабты физикада – алып жұлдыздар қуатын тауысып, толық жанып біткен соң, солып, қаңқасына сүйеніп – сүйегіне ғана ілініп тұрады екен…
Екінші тараптан, “Бисквит” романы – сағыныш туралы таусылмайтын, шексіз айтыла беретін ұзақ жыр, қисса тәрізді. Осы бір асқақ сезім жайлы түрлі бисквиттің әртүрлі дәмі тәрізді әр тарауы әрқилы әңгімелейді.
24 қараша, 2010 жылqz
#роман #бисквит #дидарамантай
28/09/2018
КЛАССИКАЛЫҚ КІТАП ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Борхес ақсақал жазған екен: “Классической является та книга, которую некий народ или группа народов на протяжении долгого времени решают читать так, как если бы на ее страницах все было продуманно, неизбежно, глубоко, как космос, и допускало бесчисленные толкования”. Қандай кітаптарды аталмыш топқа қосуға болар еді?
Меніңше, Хорхе Луис Борхестің “По поводу классиков” деген еңбегіндегі аңдатпасына мына шығармалар жақсы қосымша болар еді: “Дон Кихот”, “Моби Дик немесе Ақ Кит”, “Албастылар”, “Ағайынды Карамазовтар”, “Фиеста”, “Жүз жылдық жалғыздық”, “The Catcher in the Rye” (“Над пропастью во ржи”), “Ұлы Гэтсби”, “А la recherche du temps perdu” (“В поисках утраченного времени”), “Абай жолы”, “Кішкентай бекзада”, “Бамбуктың үні, өріктің гүлі”, “Жағажай” (“Пляж”), “Ақтоқым”, “Антонов алмалары”, “Періштелер күйзелісі” (“Опустошение ангелов”).
30 шілде, 2010 жыл
#классика #Борхес #дидарамантай #достоевский
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Төлеби 286/4
Almaty
050000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 22:00 |
| Tuesday | 09:00 - 22:00 |
| Wednesday | 09:00 - 22:00 |
| Thursday | 09:00 - 22:00 |
| Friday | 09:00 - 22:00 |
| Saturday | 09:00 - 22:00 |
| Sunday | 09:00 - 22:00 |