KEGOC

KEGOC

Share

Компания энергетической отрасли

15/06/2026

KEGOC 2025 жылдың ІІ жартыжылдығы үшін дивидендтер төледі

🔹 KEGOC 2025 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуді бастағанын хабарлайды. Дивидендтерді төлеу 2026 жылғы 12 маусымда басталды.

Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 81 теңгені құрады. Екінші жартыжылдық бойынша акционерлерге төлеуге шамамен 22,3 млрд теңге бағытталды. Жалпы алғанда дивидендтер төлеуге 2025 жылғы таза табыстың 62,93%-ы бөлінді.

▪️KEGOC акционерлер алдындағы міндеттемелерін дәйекті түрде орындап келеді және Қазақстан қор нарығында жылына екі рет тұрақты түрде дивиденд төлейтін санаулы эмитенттердің бірі.

Компания жария нарыққа шыққаннан бері төленген дивидендтердің жалпы көлемі 349,8 млрд теңгені құрады.

_______

KEGOC выплатил дивиденды за ІІ полугодие 2025 года

🔹 KEGOC сообщает о начале выплаты дивидендов по итогам деятельности за второе полугодие 2025 года. Выплаты стартовали 12 июня 2026 года.

Размер дивиденда составил 81 тенге на одну простую акцию. На выплату дивидендов акционерам за второе полугодие направлено порядка 22,3 млрд тенге. Всего на выплату дивидендов направлено 62,93% чистого дохода компании за 2025 год.

▪️KEGOC последовательно выполняет обязательства перед акционерами и остается одним из немногих эмитентов казахстанского фондового рынка, стабильно выплачивающих дивиденды дважды в год.

С момента выхода компании на публичный рынок общая сумма выплаченных дивидендов составила 349,8 млрд тенге.

12/06/2026

KEGOC жастары көтеріңкі көңіл күй мен позитив сыйлайды! 😎⚡

___________

Молодежь KEGOC дарит отличное настроение и заряд позитива! 😎⚡

10/06/2026

Батыс өңірдегі ірі энергетикалық жобаның іске асырылу барысы

🔹 KEGOC Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан «Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру» жобасының бірқатар нысандарына баспасөз турын өткізді.

Жоба аясында 500 кВ «Қарабатан» қосалқы станциясын салу, 500 кВ «Өлке» қосалқы станциясын қайта жаңғырту және 500 кВ «Өлке – Қарабатан» электр жеткізу желісін салу көзделген. Осы жоба Батыс Қазақстан өңірі мен елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі арасында жаңа электр байланысын қалыптастырады.

⚙️ Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Нысандарға негізгі жоғары вольтты жабдықтар толық жеткізіліп, қосалқы станциялар мен электр жеткізу желісінде құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Бүгінде 500 кВ «Өлке – Қарабатан» электр жеткізу желісі бойынша 4 731 тірек іргетасы жеткізіліп, оның 4 156-сы орнатылды. Сондай-ақ 775 металл тіректің 619-ы монтаждалды.

_______

Ход реализации крупного энергопроекта KEGOC в западном регионе

🔹 KEGOC провел пресс-тур на ряд объектов проекта «Объединение энергосистемы Западного Казахстана с Единой электроэнергетической системой Казахстана», реализуемого в Атырауской об�

09/06/2026

Оңтүстіктің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтін жоба

🔹Қазіргі уақытта «Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту» жобасы қарқынды іске асып келеді. Жоба аясында Шу-Жамбыл-Шымкент 500 кВ электр желілері салынып, «Шу», «Жамбыл» және «Шымкент» 500 кВ қосалқы станциялары кеңейтілуде.

▪️«Оңтүстік ЖЭТ» филиалы Электр тарату желілері қызметінің жетекші инженері Игорь Федоскиннің айтуынша, Жамбыл-Шымкент транзиті бойынша барлығы 616 тірек орнату көзделген. Бүгінгі таңда 458 тірек монтаждалып, жұмыстардың орындалу деңгейі 73%-ға жетті. Сонымен қатар, электр сымдарын тарту жұмыстарының 43%-ы, найзағайдан қорғайтын тросты монтаждау жұмыстарының 43%-ы аяқталды. Оптикалық-талшықты байланыс кабелін монтаждау жұмыстары басталып, қазіргі уақытта 17%-ы орындалды.

«Жоба оңтүстік өңірдің энергетикалық әлеуетін едәуір арттырады. Бұл өз кезегінде өңірдегі өнеркәсіптің, бизнестің және халықтың тұрақты электрмен жабдықталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді», – дейді Игорь Федоскин.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

Want your business to be the top-listed Engineering Company in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


Тәуелсіздік проспект, 59
Nur-Sultan
Z00T2D0,ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫ,НУР-СУЛТАНҚ.,АЛМАТЫАУД.,ТӘУЕЛСІЗДІКДАҢҒЫЛЫ,59.

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00