Aidana

Aidana

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Aidana, Art, ул. Сауран, 3/1, Nur-Sultan.

Photos 05/01/2019

Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

Біздің армандамайтын дүниеміз жоқ. Бір арманымыз орындалса, басқаны қиялдап кетеміз. Бұл дұрыс. Мұны қанағатсыздық немесе тәубе етпеушілік деп түсінбеу керек.

Өкініштісі сол, көбісі солай ойлайды. Ойлап қана қоймай, екінші адамды үгіттейді, қанатын сындырады...

Кейбір адамдарға ішіңдегіні, арман-қиялыңды, жоспар-мақсатыңды айтасың. Ал олар оған миығынан күледі. Жоқ, мүсіркей қарайды. "Өз шамасына қарап армандау керек емес пе" дейтіндері бар... Біреудің асыл арманына күлу неткен сорақылық?!Соншалықты оған деген сеніміңіздің жоқтығы ма?! Түсінбеймін, ондай адамдар өмірден түңілген бе әлде ешқандай арманы орындалмаған ба? Меніңше, оларды да өзі секілді адамдар "үгіттеген"...

Армандай білу де қасиет. Ал оны орындай білу талант. Бұл талантты ояту тек әркімнің өз қолында. Біреулер сағыңызды сындырғысы келеді, біреулер жолыңызда бөгет болғысы келеді. Ал сіз біліңіз, ол "біреулер" ертең сіз өз АРМАН-МАҚСАТЫҢЫЗҒА жеткенде өкінеді де, іші күйеді. Бірақ, олар үшін емес,өзіңіз үшін арманыңызды мақсатқа айналдырып, сол мақсатыңызға өз күшіңізбен жетіңіз! Және біліңіз, сізге сенбейтін, сізді қолдамайтын адамдардан гөрі сіздің тілеуіңізді тілеп, сізге риясыз сенетін, бар пейілімен қолдайтын, бар көңілімен жақсы көретін жандар көп!

Ең бастысы, армандарыңыздан бас тартпаңыздар! Соған ұмтылыңыздар! Өзгенің арманының орындалуына сеніңіздер!
#ойлармазабермейді #армандайбіліңіздер #арманғажетіңіздер

Want your establishment to be the top-listed Arts & Entertainment in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Art

Website

Address


ул. Сауран, 3/1
Nur-Sultan