AzhetayMagazine

AzhetayMagazine

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from AzhetayMagazine, Magazine, Nur-Sultan.

Photos from AzhetayMagazine's post 14/10/2019

📣📣📣📣📣📣📣

"Балаға жақсылық жасаған адам болашаққа қызмет етеді" деген қағиданы басшылыққа алып, балалар басылымын шығарып жатқанымызға көп болған жоқ.

🌞 Атауының өзі-ақ айтып тұрғандай, ЖУРНАЛЫМЫЗДЫҢ мақсаты - балапандарымызға ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру, ізгілікке жетелеу.

🌞 Технология төрге озғанымен, сауаттылықтың басында КІТАПТЫҢ тұратынына ешкім дау келтіре қоймас. Сол себепті енді әріп танып, әр нәрсені білуге құмартып тұрған баланың кітап оқуға қызығушылығын оянатын да, оны ОҚЫРМАН ретінде қалыптастыратын да - ата-ана.

🌞 Елімізде қазақ тілінде шығатын мазмұнды басылымдар аз емес. Бірақ біз оларды білеміз бе? Ата-ана ретінде де, жалпы ұлт жанашыры, ел азаматы ретінде қызығушылық танытып жүргендер көп пе арамызда? 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

🌞 Өкініштісі, балалар басылымдары кеңінен насихатталмайды. Бірақ бұның да - жанкешті еңбек екенін және балаларға деген зор СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН 💖 жасалатын біле жүрсеңіздер екен...

Көп жазып кеттім білем 😅, ішіме сыймай кетсе қайтейін. Айтпақшы, журналға Қазпочта бөлімшелері, "Астана-пресс", "Эврика-пресс" арқылы жазылуға болады.
Тіпті уақытыңыз болмаса, 👉87711248751 уотсабына хабарласыңыз. Төлемді Каспий голд арқылы жасауға да болады.

#жазылунауқаны
#подписка2020

#қазақшаоқы
#баржақсылықбалаларға
#жазылушыларғарақмет

Photos 11/08/2019

🦋 Жаздың аяқталуына да санаулы күндер қалды, Сіздер де мен сияқты балаларыңызды назарын кітапқа аударып, мектепке дайындықты бастап кеткен шығарсыздар?
🦋 "Айтшы, әжетай" журналы балаңызға қызықты әрі пайдалы ақпарат бере отырып, кітап оқуға ынтасын оятары сөзсіз.
🦋 Оның үстіне, жазғы жеңілдігіміз бар: 31 тамызға дейін 3 журнал - 1 000 тг. Жеткізу - ТЕГІН (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша).
🦋 Осы акциямен алғандар журналымыздағы конкурстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады!!!
ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ!

Балаңызға ТАМАША СЫЙЛЫҚ болары анық.


#мектепкедайындық
#қазақшаоқы
#менқазақпын🇰🇿
#жазғыдемалыс2019
#жазғыконкурс
#жазғыоқу

Photos 04/08/2019

#жазғыдемалыс2019
#жазғыоқу
#жазғыконкурс

Photos 28/06/2019

СМАРТФОННЫҢ ӘЛЕГІ
📱📱📱📱📱📱📱
Иә,иә. Бүгінгі әңгіме де телефон туралы, нақтырақ айтсақ ТЕЛЕФОНМЕН сөйлесу әдебі, мәдениеті туралы.
Осыдан үш жыл бұрын папамыз Қытайдағы іссападан бәрімізге бір-бір телефоннан алып келген (оған дейін бәрімізге ортақ 1 ғана смартфон 😊 болатын). Құдай берді деген осы екен деп, әрқайсымыз өз телефонымызбен әуре боламыз, Дамикош ол кезде 3 жаста (суретте), ол енді көзін тырнап ашқаннан, ұйқыға жатқанша телефонды құшақтап жүруді әдетке айналдырды. Алып алайын десең, истерика.
Сол кезде ғана мен өзімнің кінәмді түсініп, смартфонға қарсы күресімді бастаған едім. Бірақ баланын көңілін смартфоннан аудару оңай болмай шықты.
📱 ең алдымен өзімнен бастадым. Баланың көзінше мүлдем қолыма ұстамайтын болдым.
📱Баскаларынан да соны талап еттім.
📱 жаңа ойыншықтар, боямақтар алып, онымен бірге отырып ойнадым, боядым
📱 ертегімен ұйықтауға да үйреттім (ол өз алдына бөлек әңгіме). Арнайы қолға киетін қуыршақтарды іздеп жүріп сатып алдым. Сөйтіп түнде қуыршақ театры басталатын.
📱ия, бұл уакытты, шыдамдылықты, және шығармашылықты талап етеді. Бірак баламызға арнаған уакыт ең пайдалы уақыт емес пе?

Want your business to be the top-listed Media Company in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address


Nur-Sultan