KTZ Express
Национальный мультимодальный оператор АО «KTZ Express» - является 100 % дочерней организацией АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы».
21/03/2026
🌸 KTZ Express Наурыз мерекесімен құттықтайды!
«KTZ Express» АҚ барлық қазақстандықтарды жаңару, бірлік және жасампаздықтың символы – Наурыз мерекесімен құттықтайды.
Наурыз табиғаттың жаңаруын 🌿, дәстүрлердің нығаюын, өзара құрмет пен дамуға ұмтылысты білдіреді. Бұл мереке келісімнің, тұрақтылықтың және алға ілгерілеудің маңыздылығын еске сала отырып, адамдарды біріктіреді.
Компанияда ұлттық құндылықтар қолдау тауып, мәдени дәстүрлерді сақтау корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады 🤝.
Осы жарқын көктем мерекесінде KTZ Express ұжымы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік және жаңа кәсіби әрі жеке жетістіктер тілейді.
Наурыз мерекесі табысты жобалардың жалғасына, сенімді дамуға және еліміздің өркендеуіне жол ашсын 🚆!
✨ Наурыз мерекесі құтты болсын!
#Наурыз #Қазақстан
13/03/2026
🚢 Қазақстандық ұнға сұраныс артып келеді: Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жаңа жөнелтілім
📅 2026 жылғы 10 наурыз
📍 Қостанай 🇰🇿 – Ақтау порты 🇰🇿 – Алят порты 🇦🇿 – Поти порты 🇬🇪 – Стамбул 🇹🇷 – Нью-Йорк порты 🇺🇸
KTZ Express трансатлантикалық бағыттағы экспорттық контейнерлік тасымалдарды дамытуды жалғастыруда. Ағымдағы жылдың наурыз айында компания Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қостанай – Нью-Йорк бағыты бойынша Қазақстанда өндірілген 24 тонна бидай ұнын жөнелтуді ұйымдастырды. Өнімді жөнелтуші — ЖШС «САЛАМАТ» компаниясы .company , Орталық Азиядағы ірі қазақстандық ұн тарту кәсіпорны және саланың көшбасшысы.
🚆 Тасымалдау теміржол және теңіз инфрақұрылымын кезектесіп пайдалану арқылы контейнерлік мультимодальды форматта жүзеге асырылады.
KTZ Express алғашқы мильді ұйымдастыруды қамтамасыз етті, оның ішінде жүкті контейнерлеу және Қостанайдан Ақтау портына дейін жеткізу. Бұдан әрі жүк Каспий теңізі арқылы Алят портына (Әзербайжан) бағытталып, Қара теңіз арқылы Поти портынан (Грузия) транзитпен өтеді.
🌊 Одан әрі теңіз жолы Стамбул арқылы өтіп, Жерорта теңізіне шығып, Атлант мұхиты арқылы тікелей Нью-Йорк портына жеткізіледі. Бұл учаскедегі теңіз тасымалы әлемдегі ірі кеме қатынасы компанияларының бірі — CMA CGM компаниясымен ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Жеткізудің болжамды мерзімі шамамен 58 күнді құрайды.
🌍 ТХКБ бағыты бойынша қазақстандық ұнның кезекті жөнелтілімі экспорттық жеткізілімдердің табысты жалғасып жатқанын көрсетеді және халықаралық серіктестердің отандық өнімге тұрақты қызығушылығын растайды. KTZ Express алғашқы мильден бастап соңғы жеткізу нүктесіне дейін тасымалды толық бақылауды қамтамасыз етіп, логистикалық тізбектің сенімділігі мен ашықтығын, сондай-ақ жаңа нарықтарға шығу үшін маршруттың тиімділігін көрсетеді.
#ТХКБ
25/02/2026
KTZ Express ТХКБ әлеуетін Германиядағы Kazakhstan Investment Day форумында таныстырды
📅 24 ақпан 2026 жыл
📍 Майндағы Франкфурт, Германия 🇩🇪
KTZ Express Қазақстан мен Германияның мемлекеттік органдары, қаржы институттары және бизнес өкілдерін біріктірген Kazakhstan Investment Day инвестициялық форумына қатысты. Іс-шара барысында екі ел арасындағы инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастық, сондай-ақ тұрақты логистикалық жеткізу тізбектерін дамыту мәселелері талқыланды. Форумға шамамен 200 неміс компанияларының, салалық қауымдастықтар мен қаржы секторының өкілдері қатысты.
«Өнеркәсіп, критикалық шикізат материалдары, логистика / Орта дәліз» панельдік сессиясы аясында KTZ Express логистика жөніндегі Бас директордың орынбасары Қапар А.И. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясының Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) транзиттік әлеуетін нығайту бойынша жүйелі жұмысын ұсынды.
Орта дәлізді дамыту инфрақұрылымды жаңғырту, халықаралық терминалдық желіні кеңейту және логистикалық процестерді цифрландыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар маршрутқа қатысушы елдердің терминалдары мен операторларының цифрлық жүйелерімен интеграцияға ерекше назар аударылады.
ТХКБ бағытындағы жүк тасымалы тұрақты өсімді көрсетуде, бұл ағымдағы жылы көлемді 600 контейнерлік пойызға дейін арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.
KTZ Express-тің Kazakhstan Investment Day форумына қатысуы Қазақстан 🇰🇿, Германия 🇩🇪 және Азия елдері арасындағы тұрақты халықаралық жеткізу тізбектерін қалыптастырудағы компанияның маңызды рөлін көрсетті.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Kunayev Street 10
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |