ROBO ORDA
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ROBO ORDA, Education Website, Qyzylorda.
🎁 ТЕГІН танысу сабағына қатысып көріңіз!
📍 Мекенжай: Агропром ғимараты, 4-қабат
📲 Толық ақпарат пен тіркелу үшін WhatsApp-қа жазыңыз! 87082340935
RoboOrda 🏆
Балалар күні мерекесіне орай халықаралық жеңімпаз Али Нұрхан қала әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлының марапатына ұсынылған болатын. Жетекшісі Нағым Тұрар екеуі барып марапатталып қайтты💫
Жетекшімізге мың алғыс 🤲🏻
Жарқын Болашақ Бізбен Бірге💫
01/06/2026
Құрметті RoboOrda робототехника үйірмесінің оқушылары!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі күн – балалық шақтың шаттығы мен армандардың мерекесі. Сіздер білімге құштар, жаңашылдыққа ұмтылатын, болашақ технологияларды жасайтын жас өнертапқыштарсыздар. Әрбір құрастырған роботтарыңыз, әрбір жаңа идеяларыңыз бен жетістіктеріңіз еліміздің жарқын болашағына қосылған маңызды үлес!
2026жылдың Трендінен Бізше Роботтармен💫
🎁 ТЕГІН танысу сабағына қатысып көріңіз!
📍 Мекенжай: Агропром ғимараты, 4-қабат
📲 Толық ақпарат пен тіркелу үшін WhatsApp-қа жазыңыз! 87082340935 #робототехника #тренд2026
18/05/2026
RoboOrda үйірмесінің жетекшісі — робототехниканың нағыз маманы Нағым Тұрар Ерікұлы.
Ол робототехника саласын терең меңгерген, тәжірибелі әрі білікті ұстаз.
Шәкірттері халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі 1-орындарды иеленіп жүр.
Сонымен қатар информатика және робототехника пәнінің мұғалімі ретінде түрлі беделді жарыстарда қазылық (жюри) қызмет атқарады.
Баланың болашағына сапалы білім мен сенімді орта іздесеңіз — RoboOrda үйірмесін таңдаңыз!
Оқушыларыңызды сеніммен тапсыруға болатын білім ордасы!
Roboorda командасы 1-орын🏆
Robotek Astana Grand Tournament 2026
RoboOrda командасы Robotek Grand Tournament чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, робототехника мен IT саласындағы үздік жетістіктерін дәлелдеді. Команда заманауи технологиялар, жасанды интеллект және инженерлік шешімдерді ұштастыра отырып, болашақтың кілті – білім мен инновация екенін көрсетті. Бүгінде робототехника мен IT саласы — дамудың жаңа бағыты, ал RoboOrda жас өнертапқыштардың үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын дәлелдеп келеді!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Qyzylorda