Yko Museum
Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі.
Туркестанский областной музей изобразительных искусств.
09/02/2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті Төле би ауданының тұрғындары!
Сіздерді 2026 жылғы 10 ақпан күні өтетін Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған “Биік таулар” атты көшпелі кескіндеме көрмесіне шақырамыз.
Аталған көрме - пейзаж жанрының озық үлгілерін көпшілікке кеңінен таныту, музей құндылықтарын насихаттау және көрермендердің эстетикалық талғамын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Көрме барысында табиғаттың асқақ көріністерін, таулы аймақтардың көркем бейнесін бейнелейтін кәсіби суретшілердің туындылары ұсынылады.
Бұл мәдени шара өнер сүйер қауым үшін ерекше рухани әсер сыйлап, жастардың шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ мәдени құндылықтарды бағалауға ықпал етеді.
Өтетін орны мен уақыты:
📍 Леңгір қаласы, Мәдениет үйі
🕚 Сағат 11:00
Барша өнер жанашырларын, қала тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Shymkent
160012