Jambyl Media
Желілік басылым
Журналист Арай Есенбекке подстава қалай жасалғанын көріңіздер!
Шымкенттік журналист Арай Есенбек ешкімді бопсаламаған! Керісінше әкімдік Арайдың аузын жабу үшін 10 миллион теңге апарған. Келісімге келу үшін. Мына видеода бәрі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Ақшаны апарған сотта жәбірленуші болып танылған СПК қызметкері, сотта әкімнің штаттан тыс кеңесшісімін деген Ж.Б. Қасында әкімдіктің операторы М деген жігіт болған.
Мына видеоны қараңыздар да, осыдан-ақ біле салуға болады Арайдың жалған жаламен жазықсыз отырғанын. Бес баласы бар Арай 5 жылға сотталып кетті!” - деді Оңғар Қабден фейсбук парақшасында.
ВИДЕОДА АҚША АЛМАҒАНЫ КӨРІНІП ТҰР, БІРАҚ ҮКІМ — 5 ЖЫЛ! 🚫
“Арай Есенбек ісі бойынша Шымкентте шыққан үкім қоғамды дүр сілкіндірді.
🔹 Журналист ақшаны алудан бас тартты.
🔹 Сараптама «бопсалау белгілері жоқ» деді.
🔹 Бірақ 5 жыл үкім – ең ауыр жаза.
Сотталушының анасының есепшотына аударылған ақша «футбол турниріне демеушілік көмек» деп түсіндірілген еді. Тіпті Талдықорғанда сол турнирдің өткені де рас. Сот неге бұл деректерді зерттемеді?
Әділдік орнауы тиіс! Апелляциядан не күтеміз?” деп жазды журналист Біләл Қуаныш.
#жамбылмедиа
Жамбыл облысының бір топ тұрғыны Англияға жұмысқа орналастырам деп ақшаларын алып кеткен алаяққа алданып қалды.
Британияға бармақ болғандар бір жыл бұрын Астана тұрғынының желідегі жарнамалық жазбасын көріп қалады. Ақшаның астында қаласың деген маркетингтік мәтіннен кейін 10-нан аса адам жолға дайындалады.
Сөйтіп жұмыспен жарылқаймын деген адамға 5 миллион теңгеден аса қаржы берген. Ақшаны алған делдал жылыжайда жұмыс істейсіңдер деп уәде еткен.
Алайда Тұманды Альбионға ұшатын күні жасалған құжаттары жалған болып шыққан.
#жамбылмедиа #англия #англияжұмыс
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Taraz
080014-080016